Қоғам

Көлік тоқтатып, Семейге жолға шыққан қыз өлі табылды

Полиция 2 маусым күні оның қайтыс болғанын хабарлады.

Абай облысында жоғалып кеткен 30 жастағы қыздың денесі табылды, деп жазады Telegram-дағы Alash news арнасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Динара Досымбекова туралы соңғы ақпарат - 26 мамыр күні жол бойына шығып, көлік тоқтатып, Семейге шыққан. Сол күннен бастап қыздар хабар болмаған.1 маусымда кешке жақындары жоғалған қызды табуға ақпараттық көмек сұрап, ақпараттық арнаға жүгінген. Полиция 2 маусым күні оның қайтыс болғанын хабарлады. 

"2024 жылғы 2 маусымда "102" арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне "Ауыл" стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамырда 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған", - делінген Абай облысының полиция департаменті өкілдері берген түсінікте.

 Ведомство өкілдері қазір қыздың неден қайтыс болғаны анықталып жатқанын хабарлады.