Саясат

"Әкемді атып өлтірді": Бимурзин Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеттері туралы 20 жыл бойы неге айтпағанын түсіндірді (ВИДЕО)

Бимурзин: "Әкемді айтар болсам, оны атып өлтіріп кетті".

Кәсіпкер Нұрлан Бимурзин Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеттері туралы 20 жыл бойы неге айтпағанын түсіндірді. Бұл туралы ол  Elmedia-ға берген сұхбатында баяндады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бимурзин кезінде бұл оқиға жайлы кей адамдардың білгенін, 2019 жылға дейін бұндай әңгімелерді айтуға ешкімнің батылы жзетпегенін айтады. 

"Егер газеттерге жарияланса, тәулігіне 25 сағат, аптасына 8 күн отбасымды күзетіп жүруім керек болар еді. Қазір біз әділдік үшін күресіп жатырмыз. Көбі біздің бұл қылмыстық жайлы түсінбей жатады. Негізі заң бойынша арыз жазылса, қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Тергеу жүруі керек. Барлық адам тергеуі керкек. Тергеу толық өтуі үшін Әлиядан да жауап алынуы керек. Бірақ оған ешкімнің әлі жетпейді. Сондықтан осындай жағдай болып отыр. 

Әкемді айтар болсам, оны атып өлтіріп кетті. Менен көп адам "бұл  жағдайға кім кінәлі деп ойлайсың?" деп сұрайды. Ешкімді кінәламаймын, бұған болған жайт ғана кінәлі. Егер біздің кәсібімізді тартып алмаса, мұндай жағдай болмас еді", - дейді Бимурзин.

Кәсіпкер әкесінің өлімінен кейін Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекетіне қатысты қылмыстық іс жайлы сөз қозғады. Ол Бас прокуратураның бұл істі Алматының ішкі істер басқармасына жіберіп, бір-біріне сілтеп отырғанын айтады. 

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 28 ақпанында "TPK Asia" ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин серіктесі Мегдат Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын ашық түрде мәлімдеген еді. Кәсіпкер осыдан 21 жыл бұрын Әлия Назарбаева құны 170 миллион доллар болатын (2003 жылғы есеп бойынша - еск.) 7 мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетін тартып алған. 14 наурызда Бас прокуратура Назарбаеваның рейдерлік әрекеті туралы арызын тіркегенін хабарлағанымен, 5 сәуірде полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартқаны белгілі болды.