Ернар Айдардың концертіне келген әжей бала ертіп келген тыңдарманды ұрсып тастады (ВИДЕО)
Зейнеткер концертке балаларын ертіп барғандар мен әншімен суретке түскісі келген тыңдармандарды ұрсып тастады
Белгілі әнші Ернар Айдардың концертін тамашалауға келген әжей көрерменді ұрсып тастады. Ол қайда барса да балалардың шулап жүретінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сахнада тұрған әншіден микрофонды алған апа халыққа ренішін жеткізді.
«Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсың ба? Кафеде тойға барсаң да бала жүреді, концерт көруге келсек те баланы жіберіп қоясыңдар. Ұят бар ма? Суретке түскілерің келсе, концерттен кейін 50 теңгеден төлеңдер де түсіңдер!», – деді әже.
Видеоның астына пікір қалдырған желі оқырмандары үлкен кісінің сөзін қолдай жөнелді.