200 миллион теңге: Бишімбаев ісі бойынша алқабилерге пара бермек болған әйел ұсталды
- автор Анар
- 3 маусым, 2024
- 2.4k
17 мамырда Бишімбаев ісі бойынша алқа билерге 200 миллион теңге пара бермек болған әйелдің ұсталғанын Ермұхамед Ертісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат аагенттігі Dalanews.kz порталына сілтеме жасап.
Ертісбаевтың сөзінше, ұсталған әйел Айтбек Амангелдінің сұхбаттарының бірінде сөз болған. Ол былтыр қазанда Бишімбаев бала қағып өлтіргенін айтқан.
Ертісбаев бұл жалған ақпарат екенін, ІІМ ақпаратты ресми жоққа шығарғанын айтады. Ал ұсталған әйел Бишімбаевтың үйіне дейін келген көрінеді. Бишімбаевтар Антикорға арыз жазып, әйелді ұстап әкеткен.
«Менің дереккөздерімнің мәліметінше, ұсталған әйел тергеуде ешқандай ақпарат бермей, оның артында дөкейлер тұрғанын айтады. Сондықтан Бишімбаевқа қатысты сот әлі аяқталған жоқ. Алда әлі күтпеген жайттар болады. Егер ол ақша соттың шешіміне әсер етуге арналған болса алқабилердің шешіміне күмән келуі мүмкін. Бұл тек болжам. Антикордың бұл іс бойынша ресми жауабын күту керек», - дейді Ертісбаев.