Қоғам

Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды

Гүлмира Сатыбалды - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Кәсіпкерді ұрлап, бопсалады деп айыпталған Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды. Ол Астанадан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің бірнеше эпизоды бойынша: ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық (389-бап, 3-бөлік); қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру (28-баптың 3-бөлігі); адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі 1.8-бөлігі) деген айып тағылуда.

Гүлмира Сатыбалдынының өтініші бойынша сот процесі кезінде оны сурет және видеоға түсіріп жариялауға тыйым салынды.