«40°С-қа дейін барады»: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа-райы болжамын жасады
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Синоптиктер 4-6 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз сипатта болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Еліміздің батысында +30+39 градусқа дейін, солтүстік-батыста +25+35 градусқа дейін, солтүстікте +23+30 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылайды. Орталықта, шығыста +25+33 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 градусқа дейін жылы болады.