"Жаңбыр, жел": 4 маусымға арналған ауа райы болжамы
"Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы", делінген болжамда.
Cиноптиктер 4 маусым күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, атмосфералық толқындардың өтуіне байлансты республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз солтүстік, шығыс өңірлерде бұршақ түседі деп күтіледі.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады.
"Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады синоптиктер.