Саясат

Қаңтар оқиғасы жөнінде көкейімде әлі өксік бар – Тоқтар Серіков

Тоқтар Серіков: "Мен өзім әлі күнге күмәнмен қараймын".

Тоқтар Серіков журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді бағдарламасында қаңтар оқиғасы жайлы сөз қозғады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Қаңтар оқиғасы жөнінде көкейімде әлі өксік бар. Осының аяқсыз қалғаны адам айтса нанғысыз дүние. Не үшін, неден басталды? Діттеген мақсаты, жұрттың көксегені не сонда? Аяғы "Қоян қашты, ит қуды" болды да бітті де қалды. Не үшін басталды? Бұның артында кім тұр? Мен өзім әлі күнге күмәнмен қараймын", - деді әнші сұхбатында.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 5-6 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында бейбіт тұрғындар оққа ұшты. Олардың арасында 5 жасар балаға дейін болды. Арада 4 жыл өтсе де, жазықсыз шейіт болғандар ақталмады.