Құлыбаевтың әкесіне тиеселі мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды (ВИДЕО)
Бас прокуратура мәліметінше, 2011 жылы мұнай терминалы Асқар Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған.
Миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Бас прокуратураға сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында құны 66 млн доллар болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Терминалдың ауданы – 134 гектар. Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін берілді, - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, 2011 жылы мұнай терминалы Асқар Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған.
Биыл 26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды. Осылайша, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.