Қоғам
"Мойнына пышақ тыққан": Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2024
- 1.1k
Екеуі де дене шынықтыру мұғалімі екені анықталды.
Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Qazaqstan" телеарнасына сілтеме жасап.
Қалаға қарасты Қызылжарма елді мекенінде 2 маусымға қараған түні екі ер адам ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды.
Екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«67 миллион қарыз»: Индира Елемес күйеуі мен Арман Дүйсенов арасындағы дауға нүкте қойды
- авторkyn.kz
- 14 желтоқсан, 2025
Қоғам
«Ақ бұлақ» тау-шаңғы курорты қысқы маусымды жаңартулармен бастайды
- авторkyn.kz
- 14 желтоқсан, 2025




