Қоғам

"Мойнына пышақ тыққан": Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Екеуі де дене шынықтыру мұғалімі екені анықталды.

Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Qazaqstan" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қалаға қарасты Қызылжарма елді мекенінде 2 маусымға қараған түні екі ер адам ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды.

Екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.