Енді Назарбаевтың алдында өлең айтпай-ақ қояйыншы деп серт бергенмін – Тоқтар Серіков (ВИДЕО)
"Мен Нұрсұлтан атамызбен бірнеше рет жолыққан адаммын.
Әнші Тоқтар Серіков бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Мен Нұрсұлтан атамызбен бірнеше рет жолыққан адаммын. Ол кезде тәуелді едік қой, студент кезіміз, бізді алып барады. Соңғы рет барғанымда өзіме "енді қайтып осы кісінің алдында өлең айтпай-ақ қояйыншы деп серт бергенмін. Содан кейін айтқан жоқпын", - дейді әнші журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.
Сұхбатта өнер иесі сондай-ақ "қаңтар оқиғасы жөнінде көкейімде әлі өксік бар" деген болатын.