Айына 100 мың теңгеден астам зейнетақы алу үшін қанша айлық табу қажет екені анықталды
- автор Анар
- 4 маусым, 2024
- 465
Айына 100 мың теңгеден астам зейнетақы алу үшін 40 жыл бойы ай сайын белгілі жарнаны құйып отыру қажет. Сондай-ақ, табыс көзі 200 мың теңгеден төмен болмауға тиіс, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
БЖЗҚ бойынша ең жоғары зейнетақы төлемі айына шамамен 945 мың теңгені құрайды. Мұндай зейнетақыны еліміз бойынша бір адам ғана алады. Қордың мәліметінше, 2024 жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша БЖЗҚ-дан 3 мыңнан астам адам 100 мың теңгеден астам зейнетақы төлемдерін алып отыр.
«Біріншіден, зейнетақы жарналары еңбек өтілі бойынша есептеледі. Мұндай жарналарды төлеудің жүйелілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым еңбек өтілі, демек, базалық зейнетақы мөлшері де артады. Екіншіден, ай сайын тұрақты құйылып отырған жарналар азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өте маңызды, өйткені бұл жинақтаушы қор елдегі зейнетақы жүйесінің жалғыз құрамдас бөлігі. Бұл өте маңызды, өйткені жинақтаушы зейнетақы елдегі зейнетақы жүйесінің жалғыз құрамдас бөлігі болып табылады, ол азаматтарды олардың еңбек кірістерін ескере отырып, зейнетақымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол арқылы азаматтардың еңбек өтілін ескере отырып, зейнетақымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді БЖЗҚ.
Зейнетақы жинақтарының көлемі неғұрлым жоғары болса, соған сәйкес зейнетақы жоғары болатынын айтады.
«100 мың теңгеден астам зейнетақы төлемдерін алу үшін (кемінде 40 жыл бойы) 215 мың теңге айлықтың 10 пайызы ай сайын міндетті зейнетақы жарналарына төленіп отыруы қажет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың толық циклі (инфляциядан 1%-ға асатын инвестициялық кірісті және 2024 жылғы бағадағы есептеулерді ескере отырып) қамтылуы тиіс», - дейді қордағылар.
Еліміз бойынша 2023 жылы орташа жалақы 364 295 теңгені құраған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024