«Қорқытып жатыр»: Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш тағы да видео жариялады (ВИДЕО)
Карина Мамаш туған әжесіне күйеуінің туыстары хабарласып, қорқытып жатқанын айтты
Дубайда дипломат күйеуінен бірнеше жыл бойы қорлық көріп келген Карина Мамаш болған жағдайлар әжесіне керіс әсерін беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желіде бөлісті. Айтуынша, күйеуінің туыстары оның әжесіне хат жазып, қорқытып жатыр екен.
«Осы видеоны жазайын дедім. Бүгін менің әжеме Гүлнар апа хабарласқан. Ол Сәкенді 3 жасынан бері тәрбиелеген үйдің ең үлкен келіні. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтарып алсын, әйтпесе Сәкеннің Астана мен Қазақстан бойынша таныстары жетерлік. Олар Каринаны өлтіреді немесе бір жерін мерттіктіреді деп айтыпты. Әжемнің аяғы жұмыс істемейді. Туған немересінде болған соңғы жағдайлар оған кері әсерін берді. Олар үнемі оған жаза береді. Алғашында кешірім сұраған болса, енді қорқытып жатыр», - дейді Карина Мамаш.
Еске салсақ, Карина Мамаш өз күйеуі Сәкен Мамаштың ұрып-соққанын айтқан болатын. Содан кейін елші кеңесшісі Дубайдағы қызметінен елге қайтарылып, үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.