Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы: Өз анасының жолын қуған жоқ, менің жолыммен келеді
Гүлзира Айдарбекова келіндерін мақтап, олардың еркелігін де көтеретінін жасырмады
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова екі келіні де туған аналарының емес, өзінің жолын қуып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Продюсер кіші келінімен бірге видео түсіріп, көпшіліктің сынына қалған еді. Желі қолданушылардың пікіріне ашуланған ол өзінің әлі қартайып кетпегенін жеткізді.
«Құдай шаршатпасын, қандай ұят тірлік көріп тұрсыз, басым жастыққа тиіп қалыпты ма қартайып?! Сізге отыру ұнаса, отыра беріңіз, менің шаруам да жоқ сіз жайлы әңгімем де жоқ. Үйренсін, үлгі алсын, менің оларға ұнағаным болар, ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ, менің жолыммен келеді, байқамадыңыз ба?», – дейді гүлзира Айдарбекова.
Сонымен қатар, өзінің келіндеріне үлгі боларлықтай ене екенін айтты.