Шілдеден бастап Қазақстанда қандай ақша аударымдары бұғатталатыны айтылды
Антифрод-орталықтың міндеті – азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғау.
Қаржы алаяқтығына қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталық құрылады, деп хабарлады Ұлттық банкке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметінше, антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болады.
"Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Антифрод-орталықтың міндеті – азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғау, алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдау және оларды уақытында бұғаттау.
Жоба 2024 жылдың 22 шілдеде – цифрландыру мәселелері жөніндегі тиісті заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап енгізіледі деп жоспарлануда.