Қоғам

"Сиырға соққан": Қызылордада жол апатынан бір адам қаза тапты

«Toyota Alphard» автокөлігі жол бойында сиырға соққан.

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап  KYN.KZ тілшісі. 

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. «Toyota Alphard» автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан.

«Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.