Қоғам

Қазақстанда 43 градусқа дейінгі ыстық күтілуде

Еліміздің кейбір аймақтарында күн қатты ыстық болады

Синоптиктер Қазақстанда 6, 7 және 8 маусымға ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазгидрометтің» болжауы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген облыстарда жаңбыр жауады. 

7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында жауын болады. Күн күркіреп, екпінді жел соғады және солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

"Елдің оңтүстігінде күндіз +35...+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35...+40 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі. 6-7 маусымда еліміздің батысында күндізгі уақытта +30...+38 градусқа дейін күн ысиды. 8 маусымда республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз +25...+30 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.