Қоғам

«Абай болыңдар!»: Заңгер қыздарға жігіттен ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді

Сүйіктісінен ақшалай сыйлық алатын қыздар заң алдында жауап беруі мүмкін.

Ер адам бұрынғы сүйіктісін сотқа берді. Ол кездесіп жүргенде жұмсаған 1 миллион 400 мың теңгені қыздан қайтаруды талап етеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы Заңгер Қайырхан Балғабеков желідегі өз парақшасында бөлісты. Ол қыздарға сүйіктісінен ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді.

«Қазіргі таңда Түркістан облысында іс қаралып жатыр. Ол іс бойынша жігіт өз сүйіктісіне 10, 15, 20 мың теңге ақша аударып жүрген. Екі жылдың ішінде аударымдар сомасы 1 миллион 400 мың теңге жиналып қалыпты. Кейіннен ол қыз жігітпен жүргісі келмей, екеуі екеулері айырылысып кетеді. Бірақ уақыт өте келе жігіт қалай кек алсам екен деп ойлайды. Осылайша ол қызды сотқа берген. Қазір іс бойынша қиындықтар туындап жатыр. Себебі аударымдар жасалған, ақша түсіп отырған. Енді судья ол сыйлық ретінде берілгенін дәлелдеуімізді сұрайды. Ал олар қарым-қатынаста 2020-2022 жылға дейін болған. Сол кездегі кездегі жазған хаттардың бәрі өшіп кеткен”, - дейді заңгер.