Мәдениет

«Аяқ-асты ауырып қалдым»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығының нашарлағанын айтты

Жұлдызай Дүйсенбиеваның денсаулығы сыр берген

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауырып қалғанын жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, денсаулығы аяқ-асты сыр берген. Қасында болуға бауыры келген.

"Бүгін аяқ-асты ауырып қалдым. Жағдай сұрайтын бауырларың болған қандай жақсы, шүкір", - деп жазған өнер иесі.

Актриса інісімен бірге Астанаға жолға шыққан. Ол қоғам дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «ҚР Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды.