Беті көгеріп, мұрнынан қан аққан: Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәтінен видео жариялады (ВИДЕО)
Видеодан дипломат күйеуінің беті көгерген Карина Мамаштан телефонын тартып алғысы келгенін байқауға болады.
Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш беті көгеріп, мұрнынан қан аққан видеосымен бөлісті, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Карина Мамаштың бөліскен видеосынан беті көгеріп, мұрны қанаған кадрларды көруге болады. Ол «Біздің бақытты сәттерімізден түсірейік» деп айтқан. Ар жағында денесі жартылай жалаңаш Сәкен Мамаш бар.
Мұның алдында қызметінен қуылған елшіліктің экс-қызметкері Сәкен Мамаш өзіне тұрмысқа шыққан әйелінің артынан ыдыс-аяғы келмегенін айтқан болатын.