Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап, қашып кетті
Үш оқушының да аяғы жараланған.
Қызылорда қаласында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 5 маусымға қараған түні Момышұлы көшесінде орналасқан мектептің жанында болған. Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған. Үшеуінің де аяқтары жарақат алған. Оларға ауруханада жедел көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жауап берді Қызылорда облысының ПД.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.