Қоғам

203 060 теңге: Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

2024 жылы ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды

Қазақстанда зейнетақы төлемдері тағы да өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы - 100-ден 120 пайызға дейін өседі.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2024 жылы 203 060 теңге). Ұсынылып отырған шаралар зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлесін ұлғайтуға және оның мөлшерін 2025 жылға қарай орта есеппен 27 %-ға арттыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады департамент.