Қоғам

3 қызды зорлаған: Түркістан облысында педофил 25 жылға сотталды

Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған

Түркістанда үш қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Сондай-ақ сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады.

Оқиға осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Бұл жайтты жеткіншектердің өздері айтып берген.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.