Мәдениет

Ырысбала Икрамбай кушон сатып, тағы бір отбасыға үй алып берді

Блогердің айтуынша, бұл баспана алып берген екінші отбасы екен

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы бір отбасына баспана алып берді. Ол үйге ақша табу үшін кушон сатқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ырысбала өзінен кушон сатып алған көпшілікке алғысын білдірді.

"Тауардағы алғашқы жобам көптің арқасында өтті, қолдауларыңызға мың алғыс! Кушон алған жандардың қаражатынан екінші отбасыны баспаналы еттік! Ел ішінде біз біле бермейтін сан қилы қиын тағдырлы жандар бар, өз елімізде, өз жерімізде үйсіз қазақтың санын біреуге болсын азайтсақ біз қуаныштымыз! Халықтан қаражат жиылған жоқ, кушон алып қолдадыңыздар сол қалтамыздағы қаражатпен екі отбасыны қуантқан жайымыз бар!", - деп жазды блогер желідегі парақшасына.