Қоғам

“Кімді ұрмай жатыр” деп шыдадым”: Блогер күйеуінің өзін үздіксіз ұрып келгенін жайып салды (ВИДЕО)

Блогер күйеуінің ұрып-соғатынына осы уақытқа дейін шыдап келген

“QosLike” бағдарламасының қатысушысы болған әлеуметтік желіде Купидон Нурка есімімен таныс блогер күйеуінің ұратынын жайып салды. 

Айтуынша, осыған дейін ешкімге күйеуінің қол көтеретіні туралы жақ ашпаған. 

“Осыған дейін мен қаншама рет қол көтергенін ешкімге айтпадым. Шыдамым таусылды. Алдыңғы ажырасатын кезімізде ұру туралы айтпаған едім. Бұл жолы бар шындықты айтып ажырасайын дедім. Қойшы күйеуім ғой кімді ұрмай жатыр қазіргі заманда деп ешкімге айтпадым”, - деп жазды блогер жеке парақшасында.