Басты жаңалықтар

Нөсер,бұршақ, дауыл: 2024 жылдың 7-ші маусымына арналған ауа райы болжамы

Астана мен ақмола облысында жел күшейіп, нөсерлі жауын күтілуде.

7 маусымда Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте, оңтүстіктің таулы аудандарында бұршақ, дауыл болжанады. Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында ауа райы – жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста, солтүстікте – шаңды дауыл болады.

Атап айтқанда, Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман, күндіз оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, желдің күші – 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында – найзағай, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с құрайтын жел күтіледі.

Атырау облысында желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Күндіз Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.