Атырауда ер адам бұрынғы әйелін видеоға жалаңаш түсіріп, бопсалаған
Бұдан бөлек, ер адам өз баласын суицидке дейін жеткізгені үшін де айыпталуда.
Атырауда әйелді бұрынғы күйеуі видеоға жалаңаш түсіріп, қорқытқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адам түнде терезе арқылы үйге кіріп, әйелі мен әпкесінің жалаңаш күйін видеоға түсіріп алған. Келесі күні бұрынғы әйелін нотариусқа шақырып, үй төлемінің жартысын қайтарамын деген қолхат жаздырады.
Қазір ер адамға қатысты сот үкімі қайта қаралды. Бұдан бөлек, ер адам өз баласын суицидке дейін жеткізгені үшін де айыпталуда.
Сот мәліметінше, ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен. Ал арадағы бес бала анасымен бірге қалған. Олар әлі де кәмелет жасқа толмаған.
Қазір айыпталушы сотталды.