«Төсектес болайық»: Хиджабын шешіп тастаған ару мұсылман еркектердің өзіне маза бермегенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 маусым, 2024
- 668
ТикТок әлеуметтік желісінде “Түсімде Пайғамбарды көрдім!” деп танымал болған блогер Назерке хиджабын шешіп тастады. Ол мұсылман еркектерінен көрген қорлықтарын айтып жылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ТикТоктың тікелей эфирінде хиджабын шешіп шыққан көз жасына ерік берді.
“Хиджабты шешуге мәжбүр болдым. Халал деген жерлерде жұмыс істедім. Мұсылман еркектер “төсектес болайық” деп маза бермеді. Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деді ол.
Тікелей эфирге қатысқан кейбір желі қолданушылары “сатқын, дініңді саттың!” деген секілді пікірлер қалдырған.
“Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де -жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді”, - деген ол өзін түсінулерін айтты.