Өзбекстандағыдай имамдарға желіде отыруға тыйым салына ма?: Вице-министр жауап берді
Вице-министрдың айтуынша, имамдар әлеуметтік желіні қолдана алады
Сенат кулуарында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салынбайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер Сенат кулуарында Ысқақовтан Қазақстанда Өзбекстандағыдай имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма деп сұраған.
«Сөзсіз, бұл мәселеден хабардармыз. Алайда әлеуметтік желі де өз азаматтарымен тілдесудің бір жолы. Сол себепті басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз, бірақ оларға (имамдарға) әлеуметтік желі түрлеріне тыйым салу мәселесі күн тәртібінде жоқ», – дейді Ысқақов.
Вице-министрдің айтуынша, имамдар жамағатымен онлайн да, офлайн да, стрим арқылы да сөйлесе алады.
Еске салсақ, Өзбекстан имамдарына әлеуметтік желіде уағыз айтуға, жазбаларға лүпіл басуға тыйым салынғанын бұған дейін жазған болатынбыз.