Қоғам

Аягөзде ер адам жолдағы көліктерге тас ала жүгірді (ВИДЕО)

Жолда кетіп бара жатқан көліктердің ешқайсысы ер адамға қарсылық көрсете алмаған

Аягөзде ер адам жолда кетіп бара жатқан көліктерге тас ала жүгірді. Тіпті олардың жүруіне тосқауыл болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жүр. Бейнежазбада ары-бері жүгірген ер адамды көруге болады. Ол жерден үлкен тастарды алып көліктің бірінің терезесін сындырған.

Алайда, ешбір адам оған қарсылық білдіре алмаған.