"Ақшаны қайтара аласыз": блогерден курс сатып алған әйел байып кетпегеннен кейін заңгер көмегіне жүгінді
Әйел блогерден курс сатып аламын деп ақшасын қайтара алмай жүр
Декретте отырған әйел блогерден курс сатып алған. Алайда, ақшасын өніре алмағанын айтып, заңгерден кеңес сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, блогер оған ақшасын қайтармайтынын айтқан.
«Бір қыздан курс алған едім. 1 миллион 200 мың теңге. Екі аптада миллион табысқа шығарамын әйтпесе ақша қайтарамын деді. Бірақ табыс жоқ. Берген ақшамды қайтармады», деп жазған әйел.
Заңгер оның құжаттары бар болса, блогерді жауапкершілікке тарта алатынын айтты.
«Сот оған шешіп не бермей ма айта алмаймыз. Менің пікірімше, сот оған шешіп бермейді. Қолыңызда құжатыңыз болса, сот шешіп бере алады. Бірақ дәлелдер болуы керек. Соның бәрін тіркеп жауапкершілікке тартсаңыз болады» , - деді Айман Умарова.