Мектепте бомба бар: Қостанайда 9 жасар бала жазаланды
Оқушы достарының көңілін осылайша көтермек болған
Қостанайда мектепте жарылғыш пен террористер туралы хабарлаған оқушы анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Анық болғандай, Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түскен. Тұтқаның арғы жағында баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтады.
Көшеде жүрген ол достарының көңілін көтермек болған. Оқиға орнына барған құтқарушылар қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралатын болады, – деп атап өтті басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Полицейлер шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.