Мәдениет

“Қыздарды бағалаңыздар”: Түрік әншісі қазақ жігіттеріне ақылын берді (ВИДЕО)

Ол жігіттерге қазақ қыздарын құрметтеу керегін айтты

Атақты түрік әншісі Мұстафа Сандал қазақ жігіттеріне қыздарымыздың қадірін біліп, бағалауды айтты, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі. 

 

Өнер иесі кезекті концертінде қазақ қыздарының еті тірі және дене бітімі де керемет екенін жеткізді.

 

«Қазақ қыздарының еті тірі. Олардың шашы, дене бітімі – бәрі бар. Қазақ қыздары сондай. Сол үшін қазақ жігіттері, маған олай қарамаңдар. Қазақ жігіттерінің жолы болған. Қазақ жігіттері басқа қыздарды көрмеген соң түсінбейді. Тек көргенде ғана түсінеді. Сондықтан қазақ жігіттері, сіздер бақыттысыздар. Қазақ қыздарының қадірін біліңіздер, бағалаңыздар. Қазақ қызына үйлену – Алланың сізге берілген нығметі», - дейді әнші.