Желіде қара киімге оранып насихат айтатын Назерке хиджабын шешіп, ҰҚК өкілдеріне алғыс айтты (ВИДЕО)
Ол түсінде Пайғамбарды көрген сәтін желіде жылап тұрып айтқа. Өзін сынағандарды аяусыз балағаттап жіберетін.
Көпшілікке ТикТок әлеуметтік желісінде “Түсімде Пайғамбарды көрдім!” деп танымал болған блогер Назерке қыз хиджабын шешіп тастады.
Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деген ол ҰҚК қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді. “КНБ-нің адамдары жаман дейді. Олай емес. Маған “қазағымның қызы” деп жәрдем берген сол КНБ-ның адамдары. Оларға алғысым шексіз! Олар көмектеспегенде, қазір не боларын кім білсін” деді.
Тікелей эфирде отырған 500-ден астам кісінің бір бөлігі “сатқын, дініңді саттың!”, “сенікі хайп болды”, “мұсылман емессің”, “тозақта жанасың”, “оңбған, жезөкшесің”, “дінге күйе жақпа”, “бұған жын кірген”, “кәпір” деп пікір жазса, енді бірілері ботадай боздап отырған қыздың телефон нөмірін сұрап, “демалайық” деген мағынада пікірін қарша боратуда.
“Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де -жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді” деген ол әйел ретінде өзін басқалардың түсінуін өтінді.