Мәдениет

"Ресми таныстырайын": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті (ВИДЕО)

блогердің таңдауы Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогерге түскен.

Көптен бері жүрегін жаулаған ер азаматты көрсетпей жүрген Айжұлдыз желі оқырмандарын таңғалдырды. Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды. 

"Енді жасырудың қажеті жоқ", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, блогердің таңдауы Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогерге түскенін желі қолданушылары осыған дейін-ақ біліп қойған. Олар Айжұлдыз Адайбекова жариялаған видеолардан жігіттің тыртығын байқап, өз бетінше топшылаған. Ал қазір көпшіліктің күмәні сейіліп, жастарға бақыт тілеп жатыр. "Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды жұрт.