Қоғам

Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда үш пәтері барын айтты

Карина Мамашқа күйеуі үш бөлмелі пәтердің кілтін беремін деп жазған

Дағдарыс орталығында тұрып жатқан Карина Мамаш балаларымен қалай тұрып жатқанын және жағдайы туралы айтты. Сондай-ақ, дипломат күйеуінің Қазақстанда қанша пәтері барын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Ютуб-каналға берген сұхбатында айтты. Ол күйеуімен ажырасуға өтініш берген.

"Біздің ортақ үш бөлмелі үйіміз бар. Ол маған «пәтерге оралсаңдар, саған кілтті беремін. Мүлдем жоламаймын, тиіспеймін. Балалар үйде тұрсын» деп жазды. Бірақ оның бір күні үйге келмейтініне кім кепіл бере алады? Егер ол балалардың өз үйлерінде тұрғанын қаласа, үйді солардың атына жазып берер еді. Бұл ортақ үйден басқа тағы екі пәтер бар. Олар оның туыстарының атына жазылған. Ол екеуі де біз некеде болған уақытта сатып алғанбыз", - деді Карина Мамаш.

Ол дағдарыс орталығында өздеріне жақсы қарап жатқанын дәне тамағы тоқ екенін айтты.