Бір күміс, алты қола: Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасында 7 жүлде жеңіп алды
Сондай-ақ, бір мақтау грамотасына ие болды
Қазақстандық оқушылар APhO физикадан Азия олимпиадасында бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Олар жеті жүлде жеңіп алды.
Ведомствоның мәліметінше, Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты.
Күміс медаль — Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы, Досжан Бисимби, Алматы қаласының "Мирас" халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы, Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы, Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамота — Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық № 1 "Білім-инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшілері: Самат Мақсұтов — PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.