Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің тағы екі бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру және аса ірі көлемде пара алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәсімов қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр. Рақымшылық туралы өтінішті ол биыл наурыз айында берген.
«Шынымен де, ол осы мекемеден 2024 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы президентінің атына рақымшылық туралы өтініш жіберді», - деп мәлімдеді ҰҚК.
Айта кетсек, былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы бойынша сотталды. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алмақ болғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024