Қоғам

Қазақстандық әйел Германияда жоғалып кетті: Сыртқы істер министрлігі мәлімет берді

Әлеуметтік желіде әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Сыртқы істер министрлігі Германияда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық әйел туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Белгілі болғандай, 1984 жылы туған Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаева 4 маусым күні үйінен шығып кеткен.