Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда ер адам қарт анасын ұрып өлтірді

Маңғыстауда ер адам қарт анасын ұрып өлтірді
ашық дереккөз
33 жастағы азамат кінәсін толық мойындаған, айтуынша отбасылық мәселеде ашуын тоқтата алмаған
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында 77 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен 33 жастағы ұлы ұсталды,-деп хабарлайды KYN.KZ Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті қазір уақытша қамау абақтысына жабылды. Жан түршігерлік жағдай Бейнеу ауданындағы ауылда болған. Ауылдағы үйлердің бірінен 77 жастағы қарт әйелдің денесі табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, кейуананың соққыдан қайтыс болғаны анықталған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел-іздестіруі нәтижесінде ұлы күдікті ретінде қамауға алынған. Ер адамды тергеу кезінде ол кінәсін толықтай мойындады. Айтуынша, отбасылық жанжал кезінде анасын өлімше қылып сабаған. Қатты соққының салдарынан анасы сол жерде қайтыс болған.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар