Қызылордада қылмыстық топ адамдарды ұрлап, мүлкін мәжбүрлеп тартып алып отырған
Қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды.
Қызылордада қылмыстық топ кәсіпкерлерді үрейде ұстаған. Күдіктілер бұған дейін адам ұрлап, өзгенің мүлкін тартып алумен айналысыпты, деп жазды KYN.KZ тілшісі KTK жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері арнайы операция кезінде ұсталды. Күш құрылымдары бұған дейін ұзақ мерзімді жедел іздестіру шараларын жүргізген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің мамандары күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу қиын болғанынайтады.
Жіті тексеріс кезінде олардың адам ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқанын анықтаған. Енді күдіктілердің ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсету мен басқа да бопсалауларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.