“Доп құсатып басымнан тепті”: Қуат Хамитов қаңтар оқиғасында денсаулығынан айырылған айтты
Көлікке отырғызып алып, оны спецназдар соққының астына алған
Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қаңтар оқиғасында тепкінің астында қалған. Осылайша денсаулығын жоғалтқан ол 3 ай бойы спортты қойғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлыға берген сұхбатында айтты.
Денсаулығы ақсап қалған спортшы тексерілу үшін Тайландқа барған.
“Қаңтар оқиғасында денсаулығымды жоғалттым. Осыдан кейін денсаулық кетті. Спортты қойдым. Сөйтіп 3 ай жүр дайындала алмадым”, - дейді жекпе-жек шебері.
Айтуынша, оны спецназдар 10 сағатқа жуық ұрған. Кабинеттен кабинетке кіргізіп соққының астына алған.
"Бізді 10 сағаттай тепкілген ғой. Іле ауданынан қалаға келгенше бір сағаттай болса, спецназ солай жол бойы ұрған. Қолымды байлап жатқанда “не істеп жатырсыңдар" дегенім сол еді бір спецназ доп құсатып басымнан тепті. Содан кейін миым шайқалып, қалай ұрып, тепкілегенін білмеймін”,- дейді ол.
Оны спецназдар қалай ұрғанын достары айтып берген. Ал өзі болса, қаншама соққыдан кейін есін жинай алмай қалған.
"80 кабинет бар, сені сол 80 кабинетке кіргізіп ұрды" дейді. Оған қоса, өтіп бара жатып тепкілейді екен. "Сені еден тазалаушыдан бастап, бастығына дейін бәрі ұрды" дейді. Мен болсам, мүмкін емес деп сенбеймін. Маған бір қараңғы бөлмеде тепкілеп жатырған секілді болды. Кім ұрып жатқанын білмеймін. Бірақ ауырғанын сезіп тұрдым”, - дейді спортшы.
Айтуынша, 3-4 күннен соң есін жия сала әлгі соққыға алғандардың бастығын ұруға барыпты.