Басты жаңалықтар
11 маусымға арналған ауа-райы: 40 градусқа дейін ыстық
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 маусым, 2024
- 698
11-12 маусым күндері республиканың шығысында жауын-шашынды ауа райы болады.
"Қазгидромет" синоптиктері бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүгін де ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
11-12 маусым күндері республиканың шығысында жауын-шашынды ауа райы болады.
13 маусым күні орталық аймақтарда жаңбыр жауады деп күтілуде.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасы +20+25 °С болса, шығыс пен орталық аймақтарда +22+32°С-ден +18+26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде термометр бағаны +33+40°С-ден +25+35°С дейін төмендесе, батыста керісінше +33+40°С дейін жоғарылайды деп болжанып отыр.