Қоғам

Құрбандыққа малды қанша адамның атынан шалуға болатыны айтылды

Құрбандыққа шалатын мал жеті адамнан асып кетпеуі керек

Қой мен ешкі бір адамның атынан құрбандыққа шалуға болады. Ал ірі қара малы жеті адамға арналса болады, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ҚМБД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Бірақ құрбандыққа шалынатын ірі қара малы жеті адамнан асып кетуге болмайды.

 

Алайда түйе мен қарамалды құрбандыққа шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер олардың біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды.