Қарағанды облысында «қара риэлторлар» 14 пәтерді тартып алған
Қылмыстық топтың белсенді қатысушыларының бірі – деструктивті діни ағымды жақтаушы.
Қарағанды облысында қара риэлторлар деп аталатын топтың қызметі жойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Топтың құрамына зейнеткерлер, мүгедектер, ішімдік пен нашақорлар үшін пәтерлерді заңсыз қайта рәсімдеген адвокаттар және нотариус кірген. Олар қоқан-лоққы көрсетіп, зорлық-зомбылық әдістерін қолдану арқылы пәтерлерді тартып алатын болған.
Жалпы қылмыстық топ 14 пәтерді қайта рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді қатысушыларының бірі – деструктивті діни ағымды жақтаушы.
"13 мамырда тінту барысында әртүрлі жылжымайтын мүліктердің құжаттары мен жеке тұлғалардың жеке мәліметтері алынды. Қылмыстық топтың барлығы 28 мүшесі ұсталды. Осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізілуде», - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі тергелуде.