"Байға тие беру әдетің бе?": Стамбул көшелерінде болашақ жарын іздеген Мөлдір Әуелбекова көпшілікке жақпай қалды
Желі қолданушылары әншіге өзі үшін өмір сүру керегін айтуда
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова болашақ жарын Түркияның көшелерінен іздеп жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі әзіл-шыны аралас Instagram желісіндегі парақшасына жазба қалдырды.
«Айналайын болашақ жарым! Сені енді Стамбул көшелерінен іздеп жүрмін,
қайдасың?», - деп жазды әнші.
Эстрада жұлдызының бұл жазбасы да қызу талқыға түсті. Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікір жазып қалдырды.