Мәдениет

«Қылқынып таға алмаймын»: Құрманай Бақтиярқызы «орамалын шешіп тастады» дегендерге жауап берді

Желі қолданушылары күрделі ота жасатқан композитордың соңғы уақытта қатты азып кеткенін жарыса жазуда.

Танымал композитор, ақын Құрманай Бақтиярқызы имиджін өзгертті. Алайда, оқырмандары оны сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Желі қолданушылары композитордың орамалын тастап кетті деп сынаған болатын. Алайда ол орамалды бұрынғыдай таға алмайтынын жеткізді.

«Ояна сала тел ұстайтын заман болды.Осы хатты оқып көңілім көтеріліп қалды. «Шыдаймын» деген Қайраттың әнінің тақырыбын өзім қойғанмын. Шыдаймыз сол үшін де Аллаға ұнаймыз.Алла тағалам да шыдамдылықты ұнатады. Мен Орамалымды тастаған жоқпын Алла сақтасын.Тек қылқынып таға алмаймын.Арасында имиджді өзгерткенге дайрект толып қалып жатыр. «Жасмин» тойханасында болған кешегі тойда ниеттенген Ана оқырманымның қызын ұзату маған бұйырсын деп Әмин деп кетіңіздер»,- дейді Құрманай Бақтиярқызы.