Мәдениет

«Мен сені сүйемін»: Say Mo-ның бұрынғы күйеуі Серік Шәріп жұртқа сүйіктісін көрсетті

Бірінші некеден жолы болмаған актер жақында шаңырақ көтермек екен

Shakenti лақап атымен танымал болған актер Серік Шәріп қалың жұртқа сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ол ғашығының аккаунтын белгілеп, оған деген сезімін білдірді.

“Мен сені сүйемін! Туған күніңмен!" – деп жазды актер.

Желі қолданушылары Серік Шәріпке бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

Еске салсақ, 2020 жылы рэпер Say Mo мен актер Серік Шәріп некесін қиған болатын. Алайда ерлі-зайыптылар көп ұзамай ажырасып кетті.