Мәдениет

"Отбасымызға – 5 жыл": Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен некелескен күнін есіне алды

Айнұр Тұрсынбаева некелескен күнін еске алып, күйеуінен сыйлық сұраған

Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева жолдасы Нұржан Иманәлиевпен некелескеніне 5 жыл толғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды. Қазір ол Стамбул  қаласында тұрып жатыр. 

“Бүгін біздің отбасымызға – 5 жыл. 2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған. Нұрекеңнен “Бүгін қандай күн?” деп сұрамаймын ба, сөйтсем “Жексенбі ғой” дейді. Ал мен бүгін не сыйлайды екен деп ұйықтамай шықтым”, – деп жазды айтыскер ақын.